Заказать работу

Ваш заказ будет обработан в течении трех часов
Главная » Статьи » Мои статьи [ Добавить статью ]

Кәмелетке толмағандардың істері бойынша кылмыстық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы

Адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы Халықаралық ережелерде кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізу нақты орын алады.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1985 жылғы 29 қарашада кәмелетке толмағандарға қатысты әділ соттылықты жүзеге асыруды қамтитын Пекин ережелер деген атпен белгілі шағын стандартты ережелерді қабылдады. Бұл ережелер әртүрлі құқықтық жүйелер шеңберінде қолданыла алатындай және сонымен бірге, жасөспірім құқық бұзушылармен кез-келген ұйғарымда және кез-келген жүйеде қатынас жасауда бірқатар ең төменгі стандарттарды белгілей алатындай етіп жасалған. Ережелер барлық жағдайларда бейтарап, әділ және өзгертусіз қолданылуы тиіс.

Осы ережелер кәмелетке толмағандар істерін жүргізу тәртібі белгіленген қолданыстағы қылмыстық істерді жүргізу кодексі нормаларында да көрініс тапты.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі баптарының нормаларына сәйкес кәмелетке толмағандардың істері бойынша әділ соттылықты жүзеге асырудың жасөспірімнің жасына орай әлеуметтік-психологиялық және да басқа ерекшеліктеріне байланысты белгілі-бір өзгешілігі бар.

Бұл өзгешелік мынадай жағдайларда көрінеді:

а)  нақты   ерекшеліктері   кәмелетке   толмағандардың   қылмыс   үшін жауапкершілігі мен жазалануы мәселелерінің, сондай-ақ дәлелдеу затына, іске қатысушылардың құқық өкілеттігі шеңберіне, тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты мәселередің,т.б. шешімін қамтиды.

б) бүл ерекшеліктер іс жүргізу мақсаттары мен қағидаларының біртүтас жүйесі шеңберінде өмір сүреді1.

Осы істер бойынша іс жүргізуді регламенттеу ерекшеліктері іс-әрекеттің өзін, оның себептері, дәлелдерін, кінәлінің тұлғасын сипаттайтын мән-жайлармен бірлікте болатын кәмелетке толмағандық фактісіне негізделеді.

Осы категориядағы істерді жүргізудің ерекше тәртібі жасалған қылмыстың барлық мән-жайы неғұрлым толық әрі терең зерттеуге, оны жасаудың себептері мен шарттарын анықтауға, істің дүрыс ешеімін табуына, қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін толық көлемде орындауға көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

1 Гуковская Н.И., Миньковский Г.М.? Долгова А.И. Расследование и судебные разбирательства дел о преступлениях несовершеннолетних.- М: Юридическая литература, 1974.-стр 5-6.

Категория: Мои статьи | Добавил: ADMIN (25.11.2013)
Просмотров: 714 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]