Заказать работу

Ваш заказ будет обработан в течении трех часов
Главная » Статьи » Мои статьи [ Добавить статью ]

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ БОЙЬШША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары

 Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, сот жүйесін реформалау жағдайында қылмыстың өсуіне байланысты оның әркелкі түрлерімен күресті күшейту қажет және жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес қылмыспен күрестің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазақстанда қазіргі уақытта бұл мәселеге ерекше назар аударылып отыр, жасөспірімдер қылмыстылығына талдау жүргізіледі, олардың құқыққа қарсы мінез-құлықтарының себептері анықталады, олардың алдын алу шаралары жасалады.

Статистика жөніндегі Мемлекеттік комитет мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан Республикасында 1998 жылдың қаңтарына қарай 10 жастан 14-ке дейінгі жасөспірімдер саны 1 млн 632,5 мыңды қүрады. 15 жастан 30-ға дейінгілер саны 4 млн 187 мың 830 адам немесе тұрғын халықтың жалпы санының 26,8%-ы. Республикада соңғы уақытта жүргізілген жастар мәселесі бойынша әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше, жастардың белсенді еңбек және қоғамдық өмірге араласуы үіпін, ал бүл еңбекке қабілетті халықтың 40%-ға жуығы, қажетті әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық шарттар әлі қалыптаспаған.

Қылмыс пен өзге де құқық бұзушылықтар осы мезгілде мемлекетте қалыптасқан қоғамдық қатынастармен себепті түрде байланысты екендігі белгілі, сондықтан да елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар жастардың әлеуметтік жағдайына әлі елеулі оң ықпал ете қоймағандықтан да, сәйкесінше қылмыстың өсуі белең алуда.

Оңтүстік Қазақстан облысында әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 1998 жылы 3675 жасөспірім ұсталған. Әрбір 26-қылмысты солар жасайды. Жеке-профилактикалық есепте 917 жасөспірім, 1326 ата-ана немесе олардың орнындағы түлғалар, қоғамға қарсы бағыттағы 154топ тұр2.

Соңғы уақытта кәмелетке толмағандардың ауыр қылмыстар: қасақана кісі өлтіру, зорлау, ауыр дене жарақаттары, тонау және т.б. жасауы көбеюде.

Кісі өлтірудің үлкен пайызын жасөспірімдердің абайсыздықпен кісі өлтіріп алуды қүрайды. Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында 17 жасар Е.Ақназаров өзінің шексіз ашу-ызасына ие бола алмаған. Еш жерде оқымайтын және жұмыс істемейтін ол үнемі жергілікті мектеп маңын торуылдаумен жүрген. Оқушы А.Батырбековпен сөзге келіп қалған Ақназаров оны кеудесінен соққан. Оқиға қайғылы жағдайда аяқталды -жарақат алған оқушы қылмыс орнында қайтыс болды.

 

 

 

 

 

 


1 Сиськов В., Указ раб.Фемида, №2?99, стр 58.

2 Уткелбаев П. Подростковая преступность. Заң және заман? №5Д9985стр 78-80.

Сондай-ақ балалардың қараусыздығы да үлкен мәселе тудырып отыр. Жасөспірімдердің уақытша ұстау, бейімделу және ақтау Орталығында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген жасөспірімдер бар. 1998 жылы 7 айында Орталықта 410 кәмелетке толмаған жасөспірім болды, бүл 1997 жылмен салыстырғанда 51,9% -ға көп1.

Жағдайды түзеу тек сот, тергеу органдарының жұмысы ғана емес, жалпыға ортақ жұмыс болып табылады. Өйткені, оларды қылмысқа итермелеген себептер - үлкендердің теріс ықпалы, жасөспірімдер арасында маскүнемдіктің, нашақорлықтың таралуы, ата-ана тарапынан тиісті назар бөлмеу, жасөспірімдердің бос жүруі. Олардың еркін уақыт өткізуді ешкімді мазаламайды: тегін үйірмелер, секциялар, клубтар қазір жоқ. Жасөспірімнің жұмысқа түруы барған сайын қиындай түсуде.

Дегенмен, статистика көрсеткеніндей, 1994-1998 жылдары құқық қорғау органдарының, сондай-ақ жергілікті басқару органдарының күш салуы арқасында жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны едәуір азайды -11447- ден 7435-ке дейін, ал елде тіркелген қылмыстардың жалпы санындағы үлесі 9,6-дан 7,6 пайызға төмендеді2.

Өскелең ұрпақ тәрбиесін жетілдіруге құқықтық ықпал ету, білім беру, азамат ретінде қалыптасуы мәселелерін ұйымдастырудағы маңызды орын сот және тергеу органдары мен жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссиядан басқа прокуратура органдарына тиесілі, өйткені бас Прокуратураның 1998 жылы 17-наурыздағы №21 "Кәмелетке толмағандар мен жастар туралы заңдарды қолдану үшін прокурорлық қадағалаудың деңгейі мен тиімділігін көтеру туралы" бүйрығында жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес және оның алдын алу, олардың қүқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері прокуратура органдары қызметіндегі маңызды бағыттың бірі екендігі атап көрсетілген.

Прокуратураның алдына қойылған міндеттерге орналастыра отырып, құқық қорғау, мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру мақсатында ҚР Үкіметі 1998 жылғы 8 шілдеде ҚР-ның 1998-2000 жылдарына арналған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың кешенді бағдарламасын бекітті.

Кәмелетке толмағандар ісін жүргізуді жүзеге асыру кезінде сот және тергеу органдары қылмыстық іс жүргізудің қағидалары міндеттерін жүзеге асырады. Ең алдымен оған жасөспірімді адал еңбекпен өмір сүруге бетін бүру? оны түзету және т.б. мақсатындағы жасөспірім құқық бұзушыға тәрбиелік ықпал еті жүмыстары жатады.

 

 

 

 

 

 

 


1 Уткелбаев П. Подростковая преступность. Заң және заман? №5!98.-стр78-80.

2 Сиськов В.? Указ раб.Фемида, №2'99, стр 63.

Бірақ, бұл міндеттерді табысты орындап шығу үшін қылмыстық қудалауды жүргізетін органдардың өзі заңдылықты бұзбауы, жасөспірімдердің қүқықтары мен мүдделерінің кепілдігін қамтамасыз етуі, оларды тәрбиелеуге қолдау көрсетуі қажет.

 

1.2 Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы

 

Адамның дамуы өте күрделі, ұзақ жүретін процесс болып табылады. Мүндағы жауапты кезеңдердің бірі - өтпелі жас деп аталатын жеткіншек алдыжас (11-12-ден 14-15 жасқа дейін) пен жасөспірімдік жас (15-16-дан 17-18 жасқа дейін) \ Бұл кезеңде адамның физикалық пісіп-жетілуі ғана емес, сонымен бірге түлғаның қарқынды түрде қалыптасуы, моральдық және зияттық күштерінің қуат алуы жүзеге асады.

Жеткіншек алды жасының өтпелі жас деп аталу себебі, ол балалық күйден үлкен өмірге, кемелсіздіктен кемелденуге өтумен сипатталады. Алайда, ортастатистикалық >жеткіншек деп аталатын жас өмірде болмайды. Жеткіншек алды жасының ортақ заңдылықтары баланың қоршаған ортасы мен тәрбие шарттарына ғана емес, сондай-ақ оның организмі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де тәуелді болатын жеке-дара нүсқалар арқылы көрінеді2.

Ересек жеткіншек алды және жас немесе жасөспірімдік уақыт жас психологиясында өте маңызды кезең ретінде қаралады, өйткені осы жаста болатын өзгерістер одан кейінгі кезең заңдылықтарын дұрыс бағалау үшін маңызды болып табылады. Биологиялық жағынан бұл жас физикалық дамудың аяқталу кезеңін білдіреді.

Осы жастағы жасөспірімдердің мінез-құлқы мен әрекеттері саналы әрі жігерлі түрде жүзеге асады, осыған орай оларға неғүрлым жоғары талаптар қойылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі 16 жастан басталатыны белгілі, ал кісі өлтіру, үрлық, тонау және т.б. үшін - 14 жастан басталады (ҚР ҚК, 15-бап)3.

Алайда жасөспірімнің физикалық және адамгершілік жағынан дамуы әлі аяқталған жоқ, бүл оның іс-әрекеттері мен қылықтарының сипатынан байқалады. Жеткіншек алды жасында организмде биологиялық терең өзгерістер жүреді5 өсу жылдамдайжы, жыныс бездерінің секрециясы күшейеді, қарқынды физикалық даму басталады. Организмдегі биологиялық өзгерістер психикалық дамуға да әсер етеді. Жеткіншек алды Жасының бастапқы кезіндегі тепе-теңдік бүзылады: өз түлғасына қызығушылық, айналасындағыларға сыни көзбен қарау пайда болады, мінезіндегі ерекшеліктер байқалып, қылықтары өзгереді.

 

 

 

 


Рыбальская  В.   Особенности  производства  по  делам  о  преступлениях несовершеннолетних-Иркутск, 1972-стр 7.

2 Каневский Л. Расследование преступлений несовершеннолетних.-М.? 1982.-етр 4.

3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі.

Жеткіншек алды жасында мінездің психикалық жарақат алу мүмкіндігін арттыратын және мінез-құлық нормаларынан ауытқитын кейбір қасиеттері пайда болады. Көптеген жасөспірімдердің сезімдері, ойлары, әрекеттері түрлаусыз болып келеді. Бұл:

а) елгезектік пен сылбырлық арасындағы қайшылық;

б)  көңіл-күй өзгерістеріне алып келетін қызбалық пен сылбырлықтың тез ауысып отыруы ретінде көрінеді1.

Импульсивтілік пен көңіл-күй тербелістері жеткіншектердің ойы мен қылықтарына ықпал етеді. Олардың бір пікірге келуі жылдам және тез өзгереді. Өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалай бермейді, дос таңдауда көбінесе қателесіп жатады, кездейсоқ жанжалдарға килігеді.

Бірқатар психологтар жеткіншек алды жасын ауыр "апаттар" кезеңі деп есептейді, торығу мен үмітсіздік ахуалы, есіріктену, агрессивтілік, қаталдық, қылмыс істеуге бейімділік туралы айтып өтеді.

Л.И. Божовичтің көрсетуінше, жасөспірімдердің моральдық саласында екі ерекшелік пайда болады:

а)   қоғамдық   мінез-қүлық   пен   адамдар   арасындағы   өзара  қарым-қатынас нормалары мен ережелеріне байланысты мәселелерге жіті назар аударуы;

б)  салыстырмалы түрде тұрақты және кездейсоқ ықпалдардан тәуелсіз моральдық көзқарастар, пікірлер, баға беру қалыптаса бастайды2.

Жеткіншек алды кезеңіне жоғары эмоциялық қозғыштық қасиеті тән, "ұстамдылық" жүйесі мен өз мінез-құлқын саналы түрде бақылау нашар дамыған, сондықтан да жасөспірімдер ойлары мен пікірін өзгертуге уақыт кетіргенді ұнатпайды, тез іске көшеді. Бұл қасиеттер көбінесе құқыққа қайшы әрекетке алып келеді немес оларды жасы үлкен қүқық бүзушылар пайдаланады, кәмелетке толмағандар тарапынан ойланбай әрекет жасау мүмкіндігі туралы білетін олар оңтайлы сәтті тауып, жасөспірімдерді қылмыс істеуге тартады.

Кейбір жасөспірімдерге олардың тұрмыс және тәрбие шарттары белгілейтін дөрекілік, өжеттік, шамшылдық қасиеттері тән. Бұл қасиеттерді олардың теріс іс-әрекеттері салдарынан болатын қоғамдық тәртіпті бүзуға байланысты құқыққа қарсы әрекеттерін тергеу барысында ескеру қажет.

Осы жаста көп кездесетін мінез-құлық кемшіліктерінің бірі-қырсықтық. Кәмелетке толмаған сезіктінің немесе айыпкердің қырсықтығына тергеуші істелген қылмыстың мән-жайын, ұрланған мүлік пен қылмыс қүралының орналасқан жерін, қылмысқа қатысушыны анықтау кезіндегі жауап алуда тап келуі мүмкін. Сондай-ақ, тергеуші жасөспірімнің қырсылыққа жақынырақ сапасы өтірікшілдікпен де соқтығуы мүмкін.

 

 

 


1 Крутецкий В. Основы педагогической псхологии. М.Д972.- стр 17.

2  Божович Л.Л. Личность и ее формирование в детском возрасте- М.Д968.-стр322

Өтірікке түрткі болатын нәрселер көбінесе:

а) жауапкершілік пен жазадан қорқу;

ә) қылмысқа қатысушылар немесе олардың туыстары мен достары тарапынан кек алу қорқынышы;

б)  достықты дұрыс түсінбеушілік және осыған байланысты "сатқын" атанудан қорқу;

в) құрдастарының назарын аудару, таңғалысын тудыру тілегі. Жеткіншек алды жасында жекелеген жағымды қасиеттерді дамытуға, кемшіліктерді жеңуге бағытталған өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік дамиды. Жасөспірімдер осылайша өзінің сүйікті кейіпкеріне, мұғаліміне және т.б. ұқсауға тырысады. Бірақ, кейбір жағдайларда адамгершілік категориялары мен ұғымдары туралы дұрыс және жан-жақты түсініктерінің болмауынан жасөспірімдер оқиғалар мен адамдардың мінез-құлықтарын бағалауда қателесіп жатады. Кейбір жасөспірімдердің адамгершілік тұрғысынан жағымсыз тұлғаларға ұқсас болғысы келіп, еліктейтіні бекер емес. Жасөспірімнің адамгершілік сенімдері қате, теріс болуы мүмкін. Және олар кейбір моральдық нормалар туралы теріс түсінікте болуы себепті немесе жасөспірімдердің жекелеген кішігірім топтарында қабылданған моральдық құндылықтар жүйесінің кесірінен қылмыс істеуі мүмкін. Қылмыстың өзінен де жасөспірім ерлік, батырлық, ептілік қасиеттерін көруі кездеседі1.

Бұлжас ерекшеліктері бәрінен бұрын 14-15 жастағы жеткіншектерге тән. 16-17 жастағы жасөспірімдерде физикалық және ақыл-ой дамуы процестері жалғасады, бірақ осы кезеңнің соңына қарай қарқыны бәсеңдейді. Жасөспірімдердің импульсивтілігі азайып, эмоционалдық түрақтылық пайда болады; жүйке жүйесінің түріне қарамастан, олар 14-15 жасар жеткіншектерден гөрі үстамдылау және салмақтырақ. " Ересек жеткіншек алды жасы - бұл жасөспірім өз мінез-құлқында басшылыққа ала бастайтын адамгершілік қағидаларының, сенімдерінің қалыптасатын уақыты". Дегенмен, өздерінің физикалық және ақыл-ой қасиеттері бойынша олардан кіші жеткіншектерге әлі де ұқсастықтары көп: физикалық және рухани кемелденуге жеткен жоқ; оларға әлі де 14-15 жасар балаларда болатын қасиеттер тән ("ерексек болып көріну" сезімі, өзін көрсетуге ұмтылу, т.б.). Бұл жаста айналадағы адамдардың жасөспірімдерге неғұрлым жоғары талаптар қоюына және олардың құқықтарын, әсіресе, дербестікке құқығын мойындауға мүмкіндік беретін бірқатар психологиялық қасиеттері қалыптасады.

Алайда, психологтардың зерттеулері көрсеткендей, дербестікке ұмтылу үшін отбасында дұрыс үлгі көрсететін біреудің, жақын айналысында беделді, абыройлы адамның болуы қажет, сонда ғана жасөспірім одан үлгі5 кеңес ала алады. Үлкендердің тәжірбиесі негізінде бала қандай да бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін, туындаған мәселелерді өз бетімен шешуді үйренеді.

 

 

 

1 Тарарукин С.А. Преступное поведение. - М., 1974.-стр 202

Ата-аналардың бала тәрбиесіне селқос қарауы оның беделді тұлғаны сырттан іздеуіне әкеп соғады. Сондықтан да үлкендерге қарағанда көнгіштеу болып келетін қараусыз жасөспірімдер біреудің ықпалына тез түседі. Қылмыстық ортаға түскен баланың мінез-қүлқында теріс қылықтар (дөрекілік, бейбастақтық, шылым шегу және т.б.) пайда бола бастайды, бұл оның ойынша, өзін "үлкен сезінуге", өзімен-өзі болуға көмектеседі. Жасөспірім қарсы келген проблемаларды өзі ойланып, шешімін табуға тырысып қана қоймайды, сонымен бірге осылайша өз қабілетін, жағымды қасиеттерін көрсетуге, өз ортасының қүрметіне бөленуге ұмтылады. Психологиялық әдебиеттерде айтылатындай, "ұжыммен өзара жақсы қарым-қатынасты бұзу қажеттілігі туған қиын бала, осы мақсатқа жету үшін лайықты қүралдарының болмауы себепті мінез-қүлықтың теріс тәсілдеріне, тіпті өз түлғасын бүзақылық жолымен болса да бекітуге дейін барады1 ".

Жеткіншек алды кезеңінде "әлсіз" атану қорқынышы басым болады. Бұл қасиеттер өзін үлкен сезіну сезімімен тығыз байланысты: жасөпірімдер өздерінің кемелденгенін дәлелдеу үшін кез-келген әрекеттерді жасауға дайын тұрады.

Жеткіншек алды жасының соңына қарай үлкендік сезімі өзіндік сипатқа ие болады, ол өзін-өзі бекіту, өзін-өзі көрсету сезіміне ауысады, бұл оның топтан бөлінуі, өз ерекшелігін, даралығын көрсетуге тырысуынан байқалады. Осыдан келіп мінез-құлқымен, киім кию мәнерімен және т.б. кез келген жолмен өзіне назар аударту тілегі пайда болады. Алайда, мұндай жас ерекшеліктері өздігінен құқыққа қарсы мінез-құлық туғызбайды. Өйткені тұлғаның қоғамдық қауіптілігі көбінесе қылмыс істеуге дейін қалыптасады.

Жасөспірімдердің психологиялық жас ерекшеліктері жалпы криминогенді емес. Бірақ олар жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы, өмір сүруі шарттарымен байланысып жатыр, оның қажеттеліктерімен, ниет-пиғылығымен сабақтас. Сондықтан да5 жасөспірімнің дамуындағы жас ерекшеліетерін білу жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес, оның алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін, кәмелетке толмағандар қылмысын сапалы әрі тиімділікпен тергеу үшін оларды толық әрі дұрыс ашу үшін өте маңызды.

Жасөспірімдер дамуының жоғарыда талданған ерекшеліктері іс жүргізу тәртібін реттейтін және осы категориядағы істердің өзгешелігін белгілейтін нормаларды бекіту кезінде ескерілген. Сонымен бірге, психология ғылымының ережелер негізінде жоғарыда қаралған жасөспірімдердің даралық қасиеттері кәмелетке толмағандар істерін жүргізуді жүзеге асырушы органдарға нақты процесті ұйымдастырудың іс жүргізу заңында көрсетілген мүмкіндіктері шеңберінде дүрыс түрін таңдауға көмектеседі.

1 Каневский Л.Л. Указ.раб., стр 5-9.

Категория: Мои статьи | Добавил: ADMIN (25.11.2013)
Просмотров: 3745 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]