Заказать работу

Ваш заказ будет обработан в течении трех часов
Main » Files » Құқық / Право [ Добавить материал ]

Оқ тигендегі жарақаттары


Кіріспе Мұнда оқты қарудан немесе жарылатын заттан алынған механикалық жарақаттар қарастырылады. Оқ тиген кездегі жарақаттар механикалық, химиялық, термиялық әсерден пайда болады. Оқ тигендегі жарақаттардың пайда болуы: оқ энергиясына, зақымданған дененің анатомиялық ерекшеліктері (жұмсақ ұлпалар, сүйек, шеміршек) мен жәбірленушінің киімінің қалыңдығына байланысты. [1, 22] Оқ-дәрінің (патрондардың, артиллерия снарядтарының, миналардың, гранаттардың, жарылғыш заттардың) және оның бөліктерінің (капсюльдер, тұтандырғыштар, детонаторлар) жарылуынан бастап атылатын қарудың барлық түрінен салынатын жарақаттар оқ тигендегі жаралар деп саналады. Бұл жарақаттар сипаты жағынан алғанда мейлінше алуан түрлі. Олардың көпшілігі таза механикалық жарақаттар болып табылады. Ал басқалары механикалық факторлардың ғана емес, оның үстіне атыстың немесе жарылыстың температуралық, химиялық факторларының да әсер ететіндігінен аралас жарақаттар да болуы мүмкін. Сот медицина сараптамасын жүргізгенде сарапшының осы жарақаттардың сипаты мен механизміне, қолданылған снаряд пен оқ атылған қаруға, атылған қашықтыққа, зақым келтірілген атыс санына, оқтың кірген және шыққан жеріне, жара жолының бағытына, т.б. қатысты бірқатар сұрақтарға жауап қайтаруына тура келеді. Ал оқ тигендегі жарақаттардың сипаты көптеген себептерге, бірінші кезекте қару мен оқ-дәрінің ерекшеліктеріне байланысты болады. [2, 96]
Просмотров: 1186 / Добавил: / Дата добавления: 18.05.2024
Комментарий 0
Всего комментарий: 0
Only registered users can add comments.
[ Registration | Login ]