Заказать работу

Ваш заказ будет обработан в течении трех часов
Main » Files » Халықаралық қатынас / Международные отношения [ Добавить материал ]

Қазақстан және жаһандану


Курстық жұмыстың өзектілігі: Жаһандану дегеніміз — бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол — біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Бүкіл ХХ ғасырдың өн бойында адамзат алуан түрлі жаһандық мәселелермен тұспа-тұс келіп отырды. Ол үшін дүниежүзілік екі соғысты, фашизм мен ұлтшылдықтың пайда болуын, ядролық қару мен Жер бетінде тіршілік атаулының құрып кету қаупін және т.б. еске алудың өзі жеткілікті болып табылады. Алайда, өкінішке орай, осы орын алған жағдайлардан сабақ алып, адамзатқа төнетін барлық қауіп-қатердің алдын алдық деп тұжырым жасай алмаймыз. Қазіргі таңда қуатты бес күш әлемдік қауымдастықты жаңа бір жағдайға алып бара жатыр. Алғашқысы – бір өрістіліктің (однополярность) белгіленуі, екіншісі – әлемдік экономиканың жаһандануы, үшіншісі – ұлттар мен мемлекеттердің әлсіреуі, төртіншісі – өркениеттік сәйкестілікті іздестіру, бесіншісі – әлемдік қауымдастықтың басым бөлігі болып табылатын кедейлердің бас көтеруі. Яғни, біздер мұнда әлемнің бес басты түрткісі – күш-қуатттылық, байлық, хаос, ұқсастық пен әділеттілік туралы әңгіме қозғап отырмыз. Ресейдің танымал ғаламы А.Уткиннің пікірі бойынша, осы түрткілердің әсерінен « әлемдік тәртіп қайта түзеледі, жаңа геосаяси, экономикалық, өркениеттік әлем бейнесі қалыптасатын болады». «Әлемде жаңа тәртіптің орнауы» нәтижесінде ұлттық ұдайы өнідруші тетіктерінің шоғырлануы мен олардың бір кеңістікке жұмылдырылуы негізінде қазіргі әлемдік шаруашылық құрылыстың бүкіл сипаты түбірімен өзгеріске ұшырап, маңызды алғышарттар пайда болады. Негізінде, әлемдік өндірісті қайта ұйымдастыруға деген көлемді қозғалыстар шаруашылық өкілеттіліктерді қайта бөліске салуда, басымдықтарды қайта қарауға, әлемдік шаруашылық байланыстар мен өзара әрекеттестіктердің кәдуілгі көріністерін өзгертуге қабілетті прерогативтерді құрастыруға алып келуі мүмкін. Басқаша айтқанда, жаһандану барысында әлемдік кеңістікті бір аймаққа біріктіретін әлемдік байланыстардың жаңа түрі пайда болады. Жаһандану осындай әрекеттері арқылы «халықаралық құқықтық және мәдени-ақпараттық өрісті, өзіндік бір аймақаралық ақпараттық алмасу инфрақұрылымын құруды қарастырады. Жаһандану әлемдік қауымдастыққа жаңа қасиет береді, ал осы үдерістің пайымына бару біздер үшін әлем туралы ұғымның алмасу кезеңінде дұрыс бағдар алуға мүмкіндік береді». Қазақстандағы жаһандану турасында қазіргі кезде көп зерттеліп, айтылып та жатыр. Осы курстық жұмысымда, Қазақстандағы жаөандану үрдісіне тоқталмақпын. Курстық жұмысының мақсаты: Жаһандану мәселелерін теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау. Курстық жұмысының негізгі міндеттері: -жаһандану мәні мен даму алғышартын қарастыру; -жаһандану сатысындағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру; -жаһандану жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау; Курстық жұмысының объектісі: Қазақстан және жаһандану Курстық жұмысының теориялық негізі: Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдар-экономистер мен мамандардың жаһандану туралы еңбектер алынды. Салыстыру және жинақтау,ғылыми талдау және синтез,мәліметтерді экономика-статистикалық өңдеу әдістерінің негізінде,зерттеу жүйелі-құрылымдық талдау принципіне сәйкес құрылды. Курстық жұмыстың ақпараттық базасы: Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері,халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың мәліметтері, отандық және шетелдік ғалымдардың оқу құралдары мен диссертациялары қолданылды. Жұмыс құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, алты бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Просмотров: 3000 / Добавил: / Дата добавления: 18.05.2024
Комментарий 0
Всего комментарий: 0
Only registered users can add comments.
[ Registration | Login ]